2010 жылы зымырантасымалдағыштар ұшыру саны бойынша Ресей көшбасшы орында келеді – Ресейғарыш

2010 жыл бойына әлемде түрлі мақсаттағы зымыран-тасымалдағыштың 74 рет ұшырылуы болды, оның 31-і Ресейдің үлесінде, деп атап өтті Қазақпарат.
Үстіміздегі жылға келтірілген ғарыштық ұшырулардың кестесі бойынша АҚШ пен Қытай зымырантасымалдағыштың 15 ұшырылымын жүзеге асырса, Еуропа елдері - 6, Үндістан - 3, Жапония - 2, Оңтүстік Корея мен Израиль - 1 ұшырылым жасаған.
М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, ресейлік зымырантасымалдағыш ұшырылуының 31-інің 15-і М.Хруничев атындағы ғарыш орталығының зымырантасымалдағыштарының көмегімен жүзеге асырылған.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссиясының «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясының 13-ші отырысы туралы баспасөз хабарламасы

Астана қ.,                                                                                                2010 жылғы 10 қараша
"Гранд Парк Есіл" қонақ үйі                                                                 сағ. 16.00-16.20
сағ.18.00-18.50
 
2010 жылғы 10 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясының 13-ші отырысы өтеді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресейғарыш басшысы Анатолий Перминовтің төрағалығымен өтеді. Оған Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдарының, тараптардың мүдделі ведомстволары мен ұйымдарының өкілдері, сарапшылар қатысады.
Кіші комиссияның отырысы барысында Кіші комиссияның 12-ші отырысы шешімінің іске асырылу барысы және басқа да «Байқоңыр» кешенінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылады.
Жұмыс қорытындысы бойынша «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясы 13-ші отырысының хаттамасына қол қою жоспарлануда.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-25-37, 87015007242 - Жабаев Темірлан, 87022883887- Шакенова Бикеш.

Халықаралық ғарыш стансысына ресей-американ ғарыш экипажы аттанды - Байқоңыр Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10.04-те Байқоңырда халықаралық экипаж мінген «Союз ТМА-18» ғарыш кемесі ғарышқа ұшты.Экипаж құрамына ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов пен Михаил Корниенко, сондай-ақ американдық астронавт Трейси Колдвелл-Дайсон кірген.«Байқоңыр» ғарыш кешені мен Ұшу сапарларын басқару орталығының жедел қызметінен хабарлағандай, «Союз ТМА-18» кемесінің ұшу сапары штаттық режімде өтті.Кеме Халықаралық ғарыш стансысымен екі тәуліктен кейін, сәуірдің 4-і күні мәскеу уақыты бойынша сағат 09.26-да түйісуі керек

Қазғарыштың игі істері

«Білім күні» қарсанында Қазғарыштың  құзырына енетін «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» АҚ «балаларды мектепке дайындайық» атты мейірімділік шараға ат салысты. Аталған акция Қазақстан Республикасы халықтық – демократиялық «Нұр Отан» партиясы және партияның «Жас Отан» жастар қанаты  ұйымдастырды.
Бүгін   еліміз қарқынды түрде дамып жатқан мемлекеттердің бірі.  Тұрақты экономикамен қатар  әлеуметтік қорғау жүйесі де күннен күнге жетілдіріліп келеді. Алайда «әйттеген-ай» деген жағдайларда бар, солардың  бірі ерекше  әлеуметтік көмек пен қолдауды керек ететін   көпбалалы жанұя  мен ата-ананың қамқорлығына зар болған жетім балалар.
Еліміздің басты болашағы- балалар екені айдай анық. Келер ұрпаққа   елімізді, жерімідзі аманат ететініміз рас. Бүгінгі мектеп бүлдіршіннің қолында ертең мемлекетіміз болашағы, дамып өркендеуі тәуелді. Біздің көрсетіп отырған көмегіміз еліміздін білікті, интелектуалды ұрпақтың қалыптасуына септігін тигізетініне ниеттенеміз.

Қазғарыш делегациясы Үндістанда өткен ғарыштық технологиялар көрмесіне қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы тамыздың 25-28 аралығындағы Bengaluru Space Expo 2010 атты екінші халықаралық инновациялық ғарыштық технологиялар көрмесі өткен Үндістанның Бангалор қаласынан оралды.
Азия аумағындағы алғашқы болып өткен «Бангалор Спейс Экспо»  ғарыштық көрмесінің тарихы 2008 жылдан басталады, оны Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы (ISRO) Үнді өнеркәсібі ұйымының және Antirx корпорациясының көмегімен ұйымдастырған.
Көрменің ашылу салтанатында ISRO басшысы Кумарасвами Радхакришнан негізгі тақырып ғарыш саласындағы өнеркәсіптің рөлі туралы болатындығын атап өтті. Ол «үнді ғарыш өнеркәсібіне ірісінен бастап, 50 кішкентай компаниялардың қатысатындығын» мысал ретінде айтып өтті.
Қазғарыш ғарыш қызметінің даму стратегиясы департаментінің директоры, делегация жетекшісі Бағлан Қазиев қазақстандық мамандардың көрмеге қатысуы, Antirx корпорациясыының өкілдерімен спутниктік жүйені құрау мәселелері жөнінде әңгіме қозғауы ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі мен Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы арасында ғарыш қызметі саласында ынтымақтастықты дамыту жөнінде былтырғы жылы қол қойылған меморандумның жүзеге асырылуындағы тағы бір тәжірибелік қадам болғанын айта кетті.

Ертең Байқоңырдан «Союз ТМА-18» кемесі ұшырылады Байқоңырда «Союз ТМА-118» кемесін ұшырудың дайындық жұмыстары аяқталып келеді.Жаңа ғана Ғарышкерлерді дайындау орталығының «Космонавт» оқу-жаттығу кешенінде мемлекеттік комиссия «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің негізгі экипажын ұшу сапарына бекітті.Мемлекеттік комиссия мүшелерінің шешімі негізінде ертең, сәуірдің 2-сінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансысына ресейлік ғарышкерлер: кеме командирі Александр Скворцов пен бортинженер Михаил Корниенко, сондай-ақ американдық астронавт, бортинженер Трейси Колдвелл-Дайсон аттанады.«Союз ТМА-18» кемесі ертең, сәуірдің 2-сінде Астана уақыты бойынша сағат 11.04-те ұшырылады.

Беттер