Меморандумға осы күндері Вена қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі комитетінің  (COPUOS) 62-ші сессиясы алаңында қол қойылды. Бұл сессияға қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин бастап барды.

Бұл жөнінде Қазақстан астанасында өтіп жатқан  «IDC CIO Summit 2019» халықаралық конференциясында белгілі болды.

2019 жылы 30 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 23 сағат 42 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200 алаңынан «Ямал-601» ғарыш аппаратымен «Протон-М» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды. Ұшыру штаттық режимде өтті.

Бұл туралы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстон үкіметаралық комиссиясының VI отырысында белгілі болды.

Бейжіңде өткен ғарыш саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай жұмыс тобының II отырысында спутниктік технологияларды пайдаланудағы перспективалық бағыттар, ғарышты терең зерттеу және ғылыми бағдарламаларды әзірлеу қаралды.

"Орал азаматтық авиация зауыты" АҚ шығаратын ұшақтардың негізгі техникалық сипаттамалары мен пайдалану параметрлері Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, Азаматтық авиация  комитеті, Мемлекеттік орман күзеті қызметі, санитарлық авиация, күш құрылымдары және т. б. өкілдерінің назарына ұсынылды.

Беттер